Зеленский АҚШ-қа барды: Америка мен Украина басшылары не туралы айтты?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: cbsnews.com

Украина президенті Владимир Зеленский 21 желтоқсанда Вашингтонға барып, АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Украина президенті Владимир Зеленский 21 желтоқсанда Вашингтонға барып, АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Екі көшбасшы арасындағы екіжақты кездесу басында сөйлеген сөзінде Байден Ресей президенті Владимир Путинді "бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарды күшейтті" және "қысты қару ретінде пайдалануға" тырысты деп айыптады, деп хабарлайды WIVB 4.

Сондай-ақ, БАҚ мәліметінше, Байден Вашингтон Украинаның өзін қорғау мүмкіндіктерін, әсіресе әуе қорғанысы жүйесін одан әрі нығайтуды жалғастыратынын айтқан.

Реклама
Реклама

"Серіктестерімізбен бірге Кремль үшін шығын жасауды жалғастырамыз және Украинаны әділ бейбітшілікке ұмтылуда қолдаймыз".

Владимир Зеленский кездесу барысында Джо Байденге украиналық сарбазға берілген марапатты табыс етті, деп хабарлайды The Independent.

Оның айтуынша, HIMARS батареясының капитаны болған сарбаз бұл марапаттың АҚШ президентіне берілуін қалаған. Байден бұл ишарат "лайықты емес, бірақ құнды" деп жауап берді. Ол АҚШ Украина халқы және оның көшбасшысымен бірге екенін айтты.

Сондай-ақ, CBS News арнасының тікелей эфирінде Владимир Зеленский Вашингтонға сапарының маңыздылығын айтты.

Украина президентінің айтуынша, ол АҚШ-қа ертерек келгісі келген, бірақ "жағдай тым қиын болғандықтан" келме алмаған.

"Қазір келгенім, бұл біз қолдаудың арқасында жағдайды бақылап отырғанымызды білдіреді, бірінші кезекте сіздің қолдауыңыздың арқасында", - деді ол америкалық әріптесіне бұрылып.

CBS телеарнасы мәліметінше, Зеленский АҚШ-тан кейін Ұлыбритания, Франция және Германияға баруы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная