ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қаңтар 2022 | 09:51
Зеленский Байденнің Ресей туралы мәлімдемесіне жауап берді
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ көшбасшысы Джозеф Байденнің Ресей Украинаға "болмашы шабуыл жасауы" мүмкін деген сөзіне реніш білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

"Ұлы державаларға кішігірім агрессия және шағын халық болмайтынын еске салғымыз келеді. Кішігірім құрбандар да, жақын адамнан айрылғанда шағын қайғы да болмайды", - деп жазды Украина басшысы 20 қаңтарда, бейсенбіде Twitter-де.
"Мен ұлы державаның президенті ретінде айтып отырмын", - деді Зеленский.
Бұған дейін Ақ үйдің басшысы егер Мәскеу Украинаға әскери шабуыл жасаса, Ресейге бұрын-соңды болмаған санкция салатыны туралы мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, Байден НАТО одақтастары арасында Ресей тарапының "болмашы шабуылына" жауап беру мәселесі бойынша келіспеушіліктер бар екенін мойындады. Сол күні Зеленский отандастарына бейне үндеу жариялап, оларды үрейленбеуге шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также