ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2021 | 15:27
Зеленский екінші рет президент болуды жоспарлап отыр
Украина президенті Владимир Зеленский президент сайлауына екінші рет қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Слуга народа" партиясынан Жоғарғы Рада депутаты Гео Лерос өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Леростың айтуынша, Зеленский 25 қаңтарда туған күнін тойлау кезінде келесі президенттік сайлауда кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеген. Сонымен қатар, депутат бұл ақпарат "енді ресми" екенін атап өтті.
"Алдыңгүні Зеленский туған күнін атап өту кезінде өзінің жақындарына екінші рет сайлауға түсетінін айтты!" - деп жазды депутат.
Сайлау науқаны кезінде Владимир Зеленский президент сайлауына бір рет қана түсемін деп уәде берген. Алайда 2020 жылдың мамырында ол барлық сайлау уәдесін бір мерзімде орындау мүмкін болмайтынын айтты.
"Украина халқы қолдаса, мен бұл туралы ойланамын", - деді президент баспасөз мәслихатында.
2020 жылдың соңында Украина президентінің әйелі Елена Зеленская күйеуі онымен тағы президент сайлауына қатысу туралы әлі талқыламағанын айтқан.
Еске салайық, 2019 жылдың 20 мамырында Владимир Зеленский ресми түрде Украина президенті болды. Зеленский ұлықтау рәсімінде "украиналықтардың 100 пайызы - президент" деп мәлімдеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также