25 қыркүйек 2019 | 10:10

Зеленский Қадыровтан не үшін кешірім сұраған?

© РИА Новости

Украина президенті Владимир Зеленский 2014 жылы "Квартал 95" студиясының басшысы болған кезде Шешенстан президенті Рамзан Қадыровпен ара-қатынасын Ішкі істер министрлігі арқылы түземек болған. Бұл туралы "Страна.ua" министрлікке сілтеме жасап хабарлаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский 2014 жылы "Квартал 95" студиясының басшысы болған кезде Шешенстан президенті Рамзан Қадыровпен ара-қатынасын Ішкі істер министрлігі арқылы түземек болған. Бұл туралы "Страна.ua" министрлікке сілтеме жасап хабарлаған. 

Мәселе "ЧистоNews" бағдарламасындағы намаз оқығаннан кейін көз жасына ерік берген Қадыровтың видеосынан туындаған. Шешенстан президентімен болған мәселеден кейін қауіпсіздігіне алаңдаған Зеленский сол кезде ішкі істер министрінің орынбасары болған Владимир Евдокимовке хабарлаған.

Реклама
Реклама

Евдокимовтің қол астындағы адамдардың бірі Зеленскийді қылмыстық іс-әрекеттермен байланысы бар Юрий Еринякпен кездестірген. Ол Шешенстанның ІІМ орынбасарымен кездесіп, артынша Зеленскийдің өзі сөйлескен министрмен кездескен. 

Бұдан бөлек Зеленский Молдаванмен бірге Қадыровпен кездесуге келеді деп келісім жасалған. 

"Бірақ Зеленский кездесуге келуден бас тартқан. Нәтижесінде өзімен бірге сыйлық ретінде Құранның қымбат түрде дайындалған нұсқасын алып келген Ериняк қана келген", - делінген дереккөзде.

Ериняк Зеленскийдің кездесуді елемегеніне наразы екен. Бұл оқиғадан кейін Киевте Зеленскийдің көлігі өртеніп кеткен. 

Еске салайық, мамырда Зеленский мұсылман қауымынан Қадыровтың бағдарламадағы видеосын пайдаланғаны үшін кешірім сұраған. Ол видеоның бар екенін білмегенін және "ЧистоNews"-тің сол күнгі бағдарламасын басқа редакторлық топтың дайындағанын мәлімдеген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная