ПОДЕЛИТЬСЯ
07 қараша 2023 | 09:52
Зеленский: "Қазір сайлау өткізетін уақыт емес"
Украина президенті Владимир Зеленский дүйсенбідегі дәстүрлі бейне үндеуінде қазір президенттік сайлауға дайындалатын уақыт емес, агрессорға қарсы күреске назар аудару керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

"Біз бәріміз түсінеміз, бұл соғыс уақыты, онда көптеген қиындық бар, қандай да бір жеңілтек оймен, ойнап, қоғамға сайлау тақырыбын лақтыра салу мүлдем жауапсыздық.
Мен барлық тиісті құрылымдар мен билік органдарынан қазір мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерге қатысты нақты жауаптар күтемін. Бұл азаматтық билік органдарына, мемлекеттің әскери элементтеріне, Украинаның Жоғарғы Радасындағы шенеуніктерге, УҚҚ мен басқа да құқық қорғау органдарына қатысты", - деді Зеленский.
"Менің ойымша, қазір сайлау өткізетін уақыт емес. Егер осы немесе басқа саяси дауға нүкте қойып, бірлікте жұмыс істеуді жалғастыру керек болса, онда мемлекетте қақтығыстар мен Украинаға қарсы өзгелердің ойынына орын қалмас үшін қоғамға барлық қажетті жауаптарды бере алатын құрылымдар бар", - деп қосты украин көшбасшысы.
Бұған дейін Украинадағы президенттік сайлау күнін халық депутаты Алексей Гончаренко атаған болатын. Оның айтуынша, Зеленский 2024 жылдың 31 наурызында президенттік сайлау өткізу туралы шешімді мақұлдаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также