10 қыркүйек 2020 | 10:21

Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы сұхбаттан кейін Украинадан кетіп қалды

Фото: Ростислав Гордон / Gordonua.com

Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Богдан Украинадан кетіп қалды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский кеңсесінің бұрынғы басшысы Андрей Богдан Украинадан кетіп қалды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, физикалық қауіп төнген соң осылай шешкен.

Реклама
Реклама

"Гордонға берген алғашқы сұхбатымнан кейін физикалық қауіп төнуіне байланысты украина-румын шекарасынан өтуге мәжбүрмін", - деп жазды Богдан.

Украиналық журналист Дмитрий Гордонға берген сұхбатында саясаткер Владимир Зеленскиймен неліктен түсініспеушілік болғанын айтып берді. Соңында ол президент офисінен кетуге мәжбүр болған.

Сондай-ақ олар Зеленскийге Игорь Коломойский мен басқа да олигархтардың өктемдігі қалай жүретініні туралы айтты.

"Ол үнемі депрессияда жүре ме, әлде түсініксіз бе. Әрдайым күйгелектеп жүреді. Депутаттарға қоңырау шалады, қорқытады. Ол бірдеңелер істейді де, мен... Қара, мен мұнымен айналысуына жол бере алмаймын. Жаман болу - менің жұмысым. Арзымайтын жұмыс. Кез келгеннен сұрай бер", - деді ол сұхбатында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная