24 мамыр 2019 | 09:47

Зеленский отставка туралы петицияны қарастырмайтынын мәлімдеді

Дина Муратова Редактор

Украинаның президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінен кету жайлы петицияны қарастырмайтынын мәлімдеді, бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан "1+1" телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украинаның президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінен кету жайлы петицияны қарастырмайтынын мәлімдеді, бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан "1+1" телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Богданның сөзінше, Зеленскийдің командасы бұл петицияны "күлкілі әзіл" деп қабылдаған.

Реклама
Реклама

Саясаткердің айтуынша, президенттің өз өкілеттігін тоқтатуы заңда белгіленген және бұл ұсынысты олар қарастырмайды. Богданның сөзінше, бұл петиция Зеленскийдің әрекетіне халықтың бір бөлігі көңілі толмайтынын көрсетеді. Оның айтуынша, жаңа президенттің командасы ол адамдарды өз жағына қарату үшін қажет деген іс-шаралар жасайды. 

Зеленскийдің қызметінен кету туралы петиция 22 мамырда тіркелді. Бір тәулікте оған 25 мың адам қол қойған. Бұл жағдай мемлекет басшысын петицияға қарауға міндеттейді. Материалдық дайындау барысында қол қоюшылардың саны 40 мың болды.

Кейін Украина президентінің сайтында Зеленскийдің қызметінен кету туралы ұсынысты қарастырмау туралы ондаған петиция жарияланған. Осы құжаттардың ең танымал авторы Леонид Яценконың сөзінше, жаңадан тағайындалған президенттің қызметінен кету туралы ұсыныс жемқорлармен жасалған және олар оны қолдап жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная