ПОДЕЛИТЬСЯ
25 ақпан 2022 | 17:58
Зеленский Путинге: Келіссөзге көшейік
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөзге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы да үндеу жасаймын. Украинаның түкпір-түкпірінде ұрыс жүріп жатыр. Адамдар өлімін тоқтату үшін келіссөзге көшейік", - деді Зеленский әлеуметтік желіде жарияланған видео үндеуінде.
Сондай-ақ, Украина басшысы Еуропаны "баяу көмек көрсетті" деп сынады.
"Біз не істегелі жатқаныңызды мүлде көріп отырған жоқпыз. Украинада бізге соншалықты баяу көмектесіп жатқаныңызда, өзіңізді қалай қорғайтыныңызды түсінбейміз", - деді Зеленский.
РИА Новости мәліметінше, бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина әскерилері қаруын тастаса Ресей Украина бойынша келіссөздерге дайын екенін айтқан.
"Біз келіссөздерге дайынбыз. Украинаның Қарулы күштері президентіміздің үндеуіне жауап берген бойда, қарсылық көрсетуді тоқтатып, қаруларын тастағанда, дайынбыз. Ешкім оларға шабуыл жасамайды, ешкім қысым көрсетпейді. Өз отбасына оралсын. Бәріміз бірге украин халқына өз тағдырын анықтауға мүмкіндік берейік", - деді Лавров журналистерге.
Оның айтуынша, Ресей операциясынан кейін келіссөздер жүргізіледі.
"Бізде қақтығысты дипломатиялық жолмен шешудің жетіспеушілігі болған жоқ. Сондықтан, әрине, геноцид элементтерінсіз, нео-нацизм мен милитаризм элементтерінсіз демократиялық тәртіпті қалпына келтіруге бағытталған кез келген қарулы операциялар, бәрі келіссөздерге оралады. Ал президент Путин тағы да оның сөздеріне құлақ асады. Біз Украинаны милитаризм мен нео-нацизмнен босатып, осы елде тұратын барлық халыққа өз болашағын сыртқы қысымсыз анықтауға мүмкіндік беруді жақтаймыз", - деді Ресей СІМ басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также