ПОДЕЛИТЬСЯ
08 шілде 2019 | 16:29
Зеленский Путинге кездесіп, Қырымның кімдікі екенін талқылауды ұсынды
Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесі Владимир Путинге Минскіде кездесуді ұсынды. Ол бұл туралы Facebook парақшасындағы бейнеүндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

"Ресей президенті Владимир Путинге айтқым келеді. Сөйлесу керек пе? Сөйлесейік. Қырымның кімдікі екенін, Донбасста кімнің жоқ екенін талқылайық", - деді ол. Зеленский бұл кездесуді Беларусь президенті Александр Лукашенко қолдайтынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы дипломатиялық форматтан бас тартпайтынын айтты. "Біз сөйлесуді ұсынамыз, сөйлесу керек емес пе? Рас қой?", - деді Зеленский.
Ол екі тарапты бітістіру үшін саммитке АҚШ президенті Дональд Трамп, Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Франция президенті Эммануэль Макронды шақыруға болатынын айтты.
Показать комментарии
Читайте также