Зеленский резервтегі әскерилерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Владимир Зеленский. © Видеохабарлама скриншоты

Президент Владимир Зеленский Ресей тарапынан әскери қауіптің артуына байланысты запастағы әскери қызметшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.

Сонымен бірге Украина президенті жалпы жұмылдыруды жариялаудың қажеті жоқ деп сендірді.

"Мен ерекше кезеңде резервшілерді шақыру туралы Жарлыққа қол қойдым. Біз тек жедел резервке жатқызылған азаматтар туралы айтып отырмыз. Біз Украина армиясының жедел ортадағы барлық ықтимал өзгерістерге дайындығын арттыруымыз керек", - деді Зеленский видеохабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол барлық әскери қызметшінің қосымша оқу-жаттығу жиындарын өткізуі туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама