08 қаңтар 2020 | 12:21

Зеленский украиналық лайнердің апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді

Владимир Зеленский © instagram.com/zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский Иранда украиналық лайнердің ұшырауына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Украина президенті Владимир Зеленский Иранда украиналық лайнердің ұшырауына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Таяу Шығыстан суыт хабар келді. Бүгін Имам Хомейни (Тегеран қаласы) халықаралық әуежайынан ұшқан "Украина халықаралық әуе жолы" әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан. Біздің елшілік болған оқиға жайлы және қаза тапқандар туралы мәліметті анықтап жатыр. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды Зеленский Facebook желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Украиналық лайнердің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы пайда болды

Еске салайық, мұның алдында Иранда 170 адамы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная