ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2022 | 09:37
Зеленский Украинаның бес елдегі елшілерін қызметінен босатты
Владимир Зеленский Украинаның бес елдегі елшілерін қызметінен босатты. Жарлықтар Украина президенті сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Владимир Зеленский Украинаның бес елдегі елшілерін қызметінен босатты. Жарлықтар Украина президенті сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина басшысының жарлығы бойынша Украинаның Венгриядағы, Норвегиядағы, Чехиядағы және Үндістандағы елшілері қызметінен босатылды.
Украинаның Үндістандағы елшісі Украинаның Мальдив аралдары, Непал, Шри-Ланка және Бангладештегі елшісі қызметінен де босатылған.
Сондай-ақ, БАҚ Германия үкіметі Ресейден отын транзитін қалпына келтіру үшін, Siemens турбинасына байланысты екі ел арасындағы қайшылықтар күшейгеннен кейін Германиядағы елші Андрей Мельник жұмыстан босатылғаны туралы жазып жатыр.
Зеленскийдің өзі Украина елшілерінің жұмыстан босатылуын тұрақты ротация деп атады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также