ПОДЕЛИТЬСЯ
28 шілде 2022 | 14:41
Зеленский Украинаның жаңа бас прокурорын тағайындады
Украина президенті Владимир Зеленский Андрей Костинді бас прокурор етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық president.gov.ua сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Украина президенті Владимир Зеленский Андрей Костинді бас прокурор етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық president.gov.ua сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 шілдеде Украинаның Жоғарғы радасы Андрей Костиннің кандидатурасын қолдады. Костиннің тағайындалуын 299 депутат қолдады.
Страна.ua сайты мәліметінше, Андрей Костин тағайындалған соң бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы мамандандырылған прокуратураның жаңа басшысын бекіткен. Ол Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының бұрынғы детективі Александр Клименко болды.
49 жастағы Андрей Костин Одессада дүниеге келген. 2019 жылы "Слуги народа" атынан Украинаның халық депутаты болып сайланды, Жоғарғы рада құқықтық саясат комитетінің басшысы қызметін атқарған, Парламентте сот реформасына жауап берген.
Еске салайық, Украина президенті Владимир Зеленский бас прокурор Ирина Венедиктова мен УҚҚ басшысы Иван Бакановты қызметінен шеттеткені жарияланған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также