“Зеленскийден маңызды хат алдым“ - Трамп

видео кадры

АҚШ президенті Дональд Трамп конгресс алдында сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден келіссөз үстеліне тезірек отыруға дайын екені туралы хат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп конгресс алдында сөйлеген сөзінде Украина президенті Владимир Зеленскийден келіссөз үстеліне тезірек отыруға дайын екені туралы хат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Зеленскийден маңызды хат алдым... Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуі үшін келіссөз үстеліне тез арада отыруға дайын", - деді АҚШ президенті.

Украинадағы қақтығыс туралы айтқан Трамп "бұл ессіздікті тоқтататын, екі тараппен де диалог жүргізетін уақыт жеткенін" мәлімдеді. АҚШ президенті Украина қақтығысын аяқтау үшін "тынымсыз" жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге 28 ақпанда АҚШ-қа Украинаның табиғи ресурстарына құқық беретін келісімге қол қою үшін келетінін мәлімдеді.

28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды. Оның ұшағы Joint Base Andrews әуе базасына қонды.

Алайда 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен және АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнспен жанжалдан кейін Ақ үйден шұғыл кетті.

Трамп Украина басшысы АҚШ-ты құрметтемейтінін және бейбітшілікке дайын емес екенін мәлімдеді. Кейін көптеген еуропалық көшбасшы, сондай-ақ, ЕО басшылары Зеленский мен Украинаны ашық қолдады.

Артынша АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонға Украинаға бағытталған барлық әскери көмекті тоқтата тұруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама