22 қыркүйек 2021 | 14:41

Зеленскийдің кеңесшісіне қастандық жасалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Сергей Шефир. Фото: parlament.ua

Бүгін, 22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Страна.ua интернет-газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Страна.ua интернет-газетіне сілтеме жасап.

"Шефирге оқ атылды. Жүргізушіні үш жерінен атқан. Қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Сергей Шефирдің өзі тірі, жарақат алған жоқ", - деп жазды "Страна.ua" басылымы.

РИА Новости мәліметінше, Украинаның Ішкі істер министрлігі ел президентінің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігі Киев маңында атылғанын растаған.

Реклама
Реклама

"Бүгін сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13.00-де) Лесники ауылының маңында президенттің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігі атылды. Көлікке 10-нан аса оқ тиді. Жүргізуші жарақат алды", - делінген ІІМ-нің Facebook-тегі хабарламасында.

Оқиға орнында полицияның жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, қастандық жасағандарды іздеу бойынша арнайы полиция операциясы жүргізілу үстінде. Сондай-ақ, ІІМ оқиға туралы кез келген ақпараты бар адамдардан полицияға хабарлауды сұрайды.

Еске салайық, қазіргі уақытта президент Зеленский АҚШ-та. Ол БҰҰ-ның 76-шы Бас Ассамблеясының жұмысына қатысады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная