Жемқорлық жайлы шағымданған қырғыз қызы депутаттардың күлкісінен соң жылап жіберді

Видеодан алынған кадр

Қырғызстанда оқушы қыз парламент отырысында мектептегі жемқорлық жайлы айтып жатқанда депутаттар күліп жіберген, - деп жазады Vesti.kg

Қырғызстанда оқушы қыз парламент отырысында мектептегі жемқорлық жайлы айтып жатқанда депутаттар күліп жіберген, - деп жазады Vesti.kg

Басылымның мәліметінше, қыз парламенттегілердің реакциясын көріп, әрі қарай сөйлеуден бас тартқан.

20 қарашада Қырғызстан парламентінде депутаттар Балалар құқықтары туралы Конвенцияның 30 жылдығына орай жиналып, оқушылармен кездескен. Кездесу барысында бастауыш сыныпта оқитын қыз сөз сөйлеген. Ол мектептегі медбикенің балаларға көрсеткен қызметі үшін ақша алатынын айтқан.

Реклама
Реклама

"Біздің медбике екпені ақшаға ғана салып береді", - деп шағымданған қырғызстандық оқушы.

Дәл осы сөзден кейбір депутаттар күліп жіберген. Нәтижесінде қыз жылап жіберіп, әр қарай сөйлеуден бас тартқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама