Жириновский терроризмді қаржыландырды деп айыпталды

Жириновский терроризмді қаржыландырды деп айыпталды © РИА Новости

Украинаны? бас прокуратурасы Владимир Жириновскийді терроризмді ?аржыландырды деп айыптап отыр. Б?л туралы ведомствоны? баспас?з ?ызметі хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Украинаның бас прокуратурасы Владимир Жириновскийді терроризмді қаржыландырды деп айыптап отыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады РИА Новости.

Прокуратура мәліметінше, Жириновский 2014 жылдың наурыз-сәуір айында өз егемендігін өздері жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларына материалдық көмек көрсету үшін ақша жинаумен айналысқан Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының депутаттарын басқарған.

"Осы қылмыстық әрекеттер дерегі бойынша (...) Украинаның бас прокуратурасы Украинаның Қылмыстық кодексінің 27-бабының 3-бөлігіне, 258-баптың 3-бөлігіне (Терроризмді қаржыландыру) сүйене отырып, Владимир Жириновский қылмыс жасады деген күдік келтірді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ведомство мәліметінше, тергеу осы қылмысқа қатысты бар адамдарды анықтауға және оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты шараларды қолданып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама