Жүргізуші 50 адамды құтқарып, өзі ажал құшты

Таиландты? солт?стігіндегі таулы жолда ?ртенген екі?абат автобусты? ж?ргізушісі 50 жолаушысын ??т?арып, артынша ?зі ажал ??шты, - деп хабарлайды Bangkok Post газетіні? интернет-н?с?асы. 

Таиландтың солтүстігіндегі таулы жолда өртенген екіқабат автобустың жүргізушісі 50 жолаушысын құтқарып, артынша өзі ажал құшты, - деп хабарлайды Bangkok Post газетінің интернет-нұсқасы. 

Таиланд тұрғыны Самран Дуанг-Саат сәрсенбі күні кеште автобусымен Таиландағы жұмысынан Пхетчабуриден мьянмалық шекара арқылы Так провинциясына 50 кастербайтерді алып келе жатқан. 

Таулы жолда автобус қозғалтқышы кенеттен өртеніп, кейін салонды жалып шарпыған. Жүргізуші дереу автобусын тоқтатып, жолаушыларды сыртқа шығарған, кейін еріктілердің көмегімен өртті сөндіруге тырысқан. Енді сөндіріп болған шақтарында қиырда тұрған автобус төменге қарай құлдилап жүріп кеткен.

Реклама
Реклама

Дуанг-Саат дереу кабинаға секіріп мініп, тоқтатпақшы болады, алайда тежегіш жүйесі істен шыққан. Асқан жылдамдықпен жүрген автобус сол бағыттағы тағы бір автобусқа соғылған. Салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама