13 ақпан 2022 12:32

Адесанья UFC чемпионы белбеуін төртінші рет қорғап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: UFC© Фото: UFC©

Орта салмақтағы UFC чемпионы Исраэль Адесанья төртінші рет титулын қорғап қалды. Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 271 кешінің басты жекпе-жегінде ол бұрынғы чемпион Роберт Уиттакермен реванш өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бес раундқа есептелген жекпе-жекте Нигериядан шыққан жаңазеландиялық спортшы төрешілердің бірауыз шешімімен (48:47, 48:47, 48:46) жеңіске жетті.

32 жастағы Адесанья үшін бұл кәсіби карьерасындағы 22-ші жеңіс. Жеңілмеген Исраэль дивизион чемпионы ретінде белбеуін төртінші рет сәтті қорғап отыр. 

Ал 31 жастағы аустралиялық Уиттакерге келер болсақ, ол алтыншы рет жеңіліс тапты. Адесанья Робертті екі рет жеңген алғашқы файтер. 

Айта кетейік, 2019 жылдың қазанында олар UFC 243 турнирінде кештің басты оқиғасында өнер көрсетті. Уиттакер екінші раундта нокаутпен жеңіліп, белбеуін қорғай алмай қалды. Ал Адесанья промоушеннің жаңа чемпионы атанды. Содан бері Израиль титулын ешкімге бермей келеді. 

Бұған дейін сол турнирде алғашқы кардта қазақстандық Сергей Морозов жеңіліс тапқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети