05 мамыр 2014 08:20

"Астанаға" жеңіске деген жігерлік жетіспеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vtb-league.com сайтынан Фото vtb-league.com сайтынан

"Астана" баскетбол клубы "Нижний Новгород" клубынан түзде де ұтылып қалып, "ВТБ бірегей лигасының" плей-офф додасынан тыс қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Астана" баскетбол клубы "Нижний Новгород" клубынан түзде де ұтылып қалып, "ВТБ бірегей лигасының" плей-офф додасынан тыс қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл "Астана" мен "Нижний Новгород" клубтары арасындағы екінші ойын болатын. Астанада өткен бірінші кездесуде де Ресей клубы жеңіске жеткен-ді. Есеп – 58:71.

Нижний Новгородта өткен екінші матчта Қазақстан клубының ойыншылары есе қайтара алмады. Тек ойынның алғашқы бес минутында ғана таразы басы теңселіп тұрды. Одан кейін астаналықтар жергілікті команданы алға ұзатып алып, есепті теңестіруге тырысып, соларды қуалаумен болды.

Ұпай айырмасы кейде екі таңбалы санға дейін жетіп, кейде бір қолдың саусақтары жетер санға дейін қысқарып, тербелді де отырды. Бірақ, бәрібір "Астана» таразы басын өздеріне қарай аудара алмады. Есеп – 68:76.

"Нижний Новгород" баскетболшылары үш ұпайлық доптарды лақтырудан да асып түсті, айып добын дөп түсіруден де үздік шықты. Қай торшеңбердің түбінде болсын, кері ұшқан допты қақшып алуда да ресейліктер жылпыңдық танытты. Жылдамдықтары да жоғары болды, қимылдары да шапшаң болды...

"Астана" баскетболшылары жеңіске деген жігерлік таныта алмады. Бәлкім, Янис Блумсты көбірек ойнату керек па еді?...

Сөйтіп, екі жеңіске дейін созылған дода екі ойынмен шектелді. "Нижний Новгород" екі рет жеңіске жетіп, ширек финала шықты. Ал "Астана" плей-офф додасынан тыс қалды.

Екінші ойында команда қоржынан ұпай салған астаналықтар:
Брион Раш – 17, Янис Блумс – 15, Дэвид Саймон – 11, Джерри Джонсон – 7, Патрик Калатес – 7, Оласени Лавал – 5, Анатолий Колесников – 4, Антон Пономарев – 2.

"ВТБ бірегей лигасы". 1/8 финалы.
"Нижний Новгород" (Ресей) – "Астана" (Қазақстан) – 2:0 (71:58 және 76:68)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети