12 ақпан 2014 21:57

Денис Кузин жүлдесіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sportsillustrated.cnn.com сайтынан алынды Фото sportsillustrated.cnn.com сайтынан алынды

Осыдан бірер минут бұрын Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіру спортынан ерлер арасындағы 1000 метрлік бәйге аяқталды. Өкінішке қарай, сенім артқан серкеміз Денис Кузин жүлдеге маңайлай алмады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Шыны керек, Денистің орнынан қозғалуының өзі соншалықты шапшаң болмады. Қанша тырысып, қарқынын үдетуге тырысқанымен, бағы жанбады. Бұйырғаны – 7-орын ғана... Уақыты – 1.09,10. Бұл қашықтықта тағы да Голландия дүлдүлдерінің жұлдызы жарқырап жанды. Стефан Гротхейс (1.08,39) алтынмен апталып, Олимпиада чемпионы атанды. Оның отандасы Михел Мюлдер (1.08,74) қола жүлдеге қол жеткізді. Осы екеуінің арасына "сына" қағып, күміс жүлдені Канада конькишісі Денни Моррисон (1.08,43) еншіледі. Бұл қашықтықта Денистен бөлек тағы екі конькишіміз сынға түсіп, Роман Креч (1.09,63) 13-орынға, ал Федор Мезенцев (1.11,08) 33-орынға ие болды. Иа, бүгін бүкіл қазақ елі Сочиден жағымды жаңалық күтіп еді. Бірақ сәті түспеді. Әйтсе де, үмітімізді үзбейміз. Конькишілерімізге Сочи Олимпиадасынан бір жүлде әкелу жүктелген. Жігіттеріміз сенімді ақтауға тырысар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети