05 ақпан 2014 15:10

Дэвис Кубогы рейтингінде 10-орынға сырғыдық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теннистен Қазақстан құрамасы. Фото Vesti.kz© Теннистен Қазақстан құрамасы. Фото Vesti.kz©

Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінің жаңартылған рейтингі бойынша сегізінші сатыдан оныншы сатыға төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Дэвис Кубогінің бірінші айналамында Қазақстан құрамасы Бельгиялық теннисшілерді жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Дегенмен, бұл нәтижеге қарамастан, Дэвис Кубогінің рейтінгінде Қазақстан құрамасынан 1/8 финалда қарсыластарынан басым болған Италия және Швейцария құрамалы озып кетті. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Бельгия құрамасын 3:2 есебімен жеңді. Елордамыз Астана қаласында өткен кездесулер біздің теннисшілер үшін оңайға соққан жоқ. Жарыстың бірінші күні жекелей сында Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев өз қарсыластарын жеңіп, таразы басын 2:0 есебімен біздің пайдамызға бұрған еді. Бірақ, екінші күні жұптық сында қонақтар командасы басым болса, төртінші кездесуде Кукушкин қарсыласы Давид Гоффенге есе жіберіп алды. Нәтижесінде бұл қос команда арасындағы кездесудің тағдыры Андрей Голубев пен Рубен Бемельманс арасындағы кездесуде шешілді. Үш сетке жалғасқан кездесуде 6:2, 6:3, 6:1 есебімен отандасымыз Андрей Голубев жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасын Дэвис Кубогінің ширек финалына алып шықты. Енді біздің теннисшілер ширек финалда Сербия теннисшілерінен басым түскен Швейцария құрамасымен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети