13 ақпан 2014 10:59

Елсияр Қанағатов: "Галышеваның спортта қалуына барлық жағдайды жасаймыз"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: vesti.kz Сурет: vesti.kz

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваның спортта қалып, әрі қарай жаттығуына барлық жағдай жасалынады. Бұл туралы ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің төраға орынбасары Елсияр Қанағатов BNews.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz "Фристайл спортының могул түрінен жүлде аламыз деп жоспарладық. Галышеваны төрешілер әділетсіз бағалады. Мен шағым жазып, жағдайды соңына дейін анықтадым. Бірақ, маған төрешілердің ұпайына шағым жазылмайтындығын айтты. Олар қалай шешсе, солай болады екен. Басқа жолы жоқ", - деді Елсияр Қанағатов Сондай-ақ, агенттіктің төраға орынбасары Галышеваның спорттан кетемін деп айтқаны асығыс шешім екенін де айта өтті. "Юлия "спорттан кетемін" деп эмоцияға беріліп асығыс айтып қойған сияқты. Бұл мәселе тұрғысында біз облыстық басшылықпен келіссөздер жүргізіп қойдық. Галышеваның алдағы уақытта жаттығу жасау үшін облыстық және республикалық деңгейде барлық жағдайды жасайтын боламыз", - дейді Қанағатов мырза. Айта кетейік, Сочиде өтіп жатқан ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары барысында Юлия Галышева жетінші орын алды. Жарыс қорытындысынан кейін ол спортпен қоштасатындығын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети