02 сәуір 2014 15:08

Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан кубогы. Сурет: ©Vesti.kz Қазақстан кубогы. Сурет: ©Vesti.kz

Астанадағы Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында футболдан Қазақстан кубогының бірінші кезең жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.


Астанадағы Қазақстан футбол федерациясының ғимаратында футболдан Қазақстан кубогының бірінші кезең жеребесі тартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл Қазақстанның кубогының бірінші айналымында 22 клуб өнер көрсетеді. Сәйкесінше олар 11 жұпқа бөлінген. Ал, екінші айналымнан бастап бұл турнирге "Шахтер", "Тараз", "Ертіс", "Ақтөбе" сынды былтырғы ел кубогының жартылай финалына шыққан командалар қосылады. Одан бөлек, былтырғы маусымының қорытындысы бойынша ең үздік көрсеткіш көрсеткен "Астана" клубы да қосылатын болады. 

ҚФФ-ның ережесіне сәйкес бірінші айналымда премьер-лига командалары бірінші лигадағы командалармен жолығады. Бірақ, ол ойындар деңгейі төмен команданың алаңында өтуі керек. 

Бірінші айналымның жеребесі қорытындсы бойынша "Жетісу-Сұңғар" - "Қайсар", "Болат" - "Атырау", "Гефест - Жетісу", "Екібастұз" - "Ордабасы", "Бәйтерек" - "Тобыл", "Лашын" - "Спартак", "Оқжетпес" - "Қайрат", - "Астана-1964" - "Мақтаарал", "Каспий - Восток", "ЦСКА" - "Қызылжар" және "Қыран" - "Ақжайық" командалары кездеседі.  Бұл ойындар 23 сәуір күні өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан кубогын қарағандылық "Шахтер" командасы жеңіп алңған болатын. Финалдық кездесуде кеншілер "Тараз" клубын 1:0 есебімен ұтқан. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети