10 наурыз 2015 17:48

Автокөлік бағасы Ресейде тағы көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресейде автокөліктер тағы қымбаттады, - деп хабарлайды "Известия" газеті.


Ресейде автокөліктер тағы қымбаттады, - деп хабарлайды "Известия" газеті.

Ресейде рубль бағамының белгіленген тұрақтануынан кейін бірқатар автокомпания автокөліктердің бағасын өсірді. Бағаларын ақпан-наурыз айларында көтергендердің арасында Mercedes-Benz, Porsсhe, Lexus, Toyota, Volkswagen, Land Rover, Jaguar, Jeep, Chrysler, Honda, Acura, Infiniti компаниялары бар. Сонымен қатар, басылымда Ресейде автокөліктердің бағасы алдағы айларда өсетіні айтылады. Себебі Ресей Федерациясы мен импорттаушы елдердегі эквивалентті көліктердің рубльдік құны мен валюта құны арасындағы айырмашылық әлі де сақталады.    

Бұған дейін Ресейде автокөліктердің қымбаттайтыны жайлы 2015 жылдың қаңтар айында хабарланған болатын. Сол кезде УАЗ, KIA, Hyundai, Nissan және Toyota компаниялары өнімдерін орташа есеппен 3-5 пайызға қымбаттатқан еді. Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында Ресейде рубль бағамы төмендеді. Қарашаның басында Мәскеу биржасында доллар бірінші рет 48 рубльге, ал еуро 60 рубльге дейін қымбаттады. Бір айдан кейін рубльдің долларға шаққанда бағамы 80-нен, ал еуроның бағамы 100 рубльден асты. Осы уақытта қазақстандықтардың Ресейден жаппай көлік сатып әкеліп жатқаны хабарланды. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік табыстар комитетінің мәліметінше, 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларында қазақстандықтар Ресейден 22 мың автокөлік сатып әкелген. Комитеттің мәліметінше, Lada, Toyota, Hyundai, KIA, Renault және Chevrolet маркалы көліктер көп әкелінген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети