03 маусым 2015 18:09

Ресейден Абайдың ұлдарының өміріне қатысты деректер әкелінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© culturemap.kz © culturemap.kz

Абай музейі жаңа архивтік деректермен толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Абай музейі жаңа архивтік деректермен толықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының қызметкерлері Қайрамбаева, Алдабергенова мен Елекенова Омбы қаласына іссапармен барып қайтты. Іссапар барысында Омбы облыстық мемлекеттік тарихи архивінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, архив кітапханасындағы сирек кітаптар мен XIX-XX ғасырлардағы мерзімді басылымдар қарастырылды.

"Омбы қаласындағы Ресей Ғылым Академиясының Этнография және археология институтының қызметкерлерімен кездесіп, Қазақстан тарихына қатысты деректер алынды. Іссапар нәтижесінде Абайдың інісі оқыған Омбы кадет корпусына, Абайдың ұлдары Мағауия мен Тұрағұлдың өміріне қатысты деректердің көшірмелері алынып, мұражай қоры толықтырылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети