12 мамыр 2015 10:03

Бейбіт Шүменов IBF рейтингінде алғашқы ондыққа енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz сайтының мұрағатынан Тengrinews.kz сайтының мұрағатынан

Ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде алғашқы ондыққа енді, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.


Ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион Бейбіт Шүменов Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде алғашқы ондыққа енді, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бейбіт Шүменов өткен жылдың желтоқсанында ауыр салмақта алғаш рет сынға түскен болатын. Кездесуде ол америкалық Бобби Томас кішіні жеңді. IBF жаңартылған рейтингінде қазақстандық спортшы алтыншы орында.

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов осыған дейін 2015 жылы Қазақстанда кездесу өткізгісі келетінін айтты. "Мен Қазақстанда жекпе-жек өткізгім келеді. Өз елімде жай ғана кездесу өткізгім келмейді, чемпиондық титулды да қорғағым келеді. Көрермендердің рейтингтік жекпе-жек емес, чемпиондық атақ үшін таласты көргенін қалаймын. Ол үшін мен көп жұмыс істеуім керек. Бірақ мен кәсіби бокста әлем чемпионы болатын қазақстандық тағы бір боксшының шыққанын қалаймын", - деді Бейбіт Шүменов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети