09 сәуір 2014 17:02

Головкин әлемнің көрнекі боксшыларының тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Getty Images ©Getty Images

WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемнің әр жекпе-жегін "триллер элементтері бар боевикке" айналдыра білетін 11 көрнекі боксшысының тізіміне енді деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемнің әр жекпе-жегін "триллер элементтері бар боевикке" айналдыра білетін 11 көрнекі боксшысының тізіміне енді деп хабарлайды Vesti.kz.

Күні кеше 32 жасқа толған Геннадий Головкин Sports.ru порталының нұсқасы бойынша әлемдік бокстың ұрғанынан тұрғызбайтын алыбы саналады. Ол - әлемнің қазіргі чемпиондарының арасында үздік нокаутшы да. Оның үстіне, 2008 жылдан бері кәсіби боксшы қарсыластарының бірде-бірі жекпе-жектің ақырына дейін шыдай алмаған. 

Головкинмен бірге жекпе-жегін тамаша көрініске айналдыратын әлемнің көрнекі боксшыларының қатарына ресейліктер - Руслан Проводников, Сергей Ковалев, америкалықтар - Брендон Риос, Майк Альварадо, Деонтей Уайлдер, аргентиналықтар - Маркос Майдана, Лукас Маттиссе, филиппиндік Мэнни Пакьяо, ұлыбританиялық Карл Фроч, канадалық Адонис Стивенсон еніп отыр.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіби шаршы алаңда 29 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын. 26 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңді. Шаршы алаңдағы ұрысты 16 рет уақытынан бұрын аяқтады.

Головкин шаршы алаңға шілде айында АҚШ-та оралмақ. Оның қарсыласы - мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети