18 қазан 2015 10:06

Головкин Давид Лемьені нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл - 33 жастағы қазақстандықтың 34-ші жеңісі. Осылайша қазақстандық боксшы барлық титулын сақтап қалды және қарсыласының IBF титулын алды.

© AFP

Қазақстандық боксшы канадалық қарсыласын жетінші раундта нокдаунға түсірген болатын. Ал сегізінші раундта отандасымыз нокаутпен жеңіске жетті.

© AFP

Айта кетейік, кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті. Кездесу HBO телеарнасында ақылы трансляциялар жүйесі PPV арқылы таратылды. Қазақстандық бұл жекпе-жегі үшін екі миллион доллар гонорар алады. Ал оның қарсыласы Давид Лемье 1,5 миллионды қанжығасына байлады.

Еске салайық, осыған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мамыр айында америкалық Вилли Монро кішіні нокаутпен жеңген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети