15 мамыр 2014 17:20

Хабаровскіде жеңісті жеңіске сабақтап, Ташкентте ұтылып жатырмыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды Фото ҚР бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қазақстан боксшылары Хабаровскідегі турнирде жеңістен жеңіске жетіп, алды жүлдеге ілікті де, Ташкентте төртеуі ұтылып, біреуі ғана қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан боксшылары Хабаровскідегі турнирде жеңістен жеңіске жетіп, алды жүлдеге ілікті де, Ташкентте төртеуі ұтылып, біреуі ғана қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің Хабаровск қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Мырзағали Айтжанов бастап барған жігіттеріміздің тағы да екеуі жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.

56 келі салмақ дәрежесіндегі Ержан Ордабаев Қытай боксшысы Чунг Юді 2:1 есебімен ұтты. Ал 91 келідегі Антон Пинчук Иран алыбы Морадкани Резаны бірінші раундта-ақ тізе бүктіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Өкінішке қарай, Ташкенттегі Сидней Джаксон мемориалында жағдай керісінше деуге болады. Бұған дейін екі боксшымыздың ұтылып қалғанын жазғанбыз. Бүгін тағы да екеуі жеңілістің кермек дәмін татты. Екеуінің де жолын кескен шаршы алаң иелері екен.

60 келіде бақ сынаған Закир Сафиуллин өзбек Равшанбек Умурзаковтан ұтылған. Ал 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрдәулет Жарманов жергілікті Отабек Ибрагимовке есе жіберіп алған. Екеуі де 1:2 есебімен ұтылуға мәжбүр болған.

Ертең Өзбекстан астанасына құрылған шаршы алаңға аса ауыр салмақтағы Иван Дычко шығады. Бұл оның Алматыдағы әлем чемпионатынан кейін рингке алғаш рет шығуы болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети