05 мамыр 2014 21:50

Мартинестің промоутері Серік Сәпиевті командасына шақырып миллион доллар ұсынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Сәпиев. Фото Vesti.kz© Серік Сәпиев. Фото Vesti.kz©

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлем бойынша орта салмақтағы мықтылардың бірі аргентиналық Серхио Мартинестің промоутері өзің командасына шақырып миллион доллар ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлем бойынша орта салмақтағы мықтылардың бірі аргентиналық Серхио Мартинестің промоутері өзің командасына шақырып миллион доллар ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Серік Сәпиевке бұл ұсыныс 2013 жылы қазақстандық Генадий Головкин мен Мэтью Маклиннің жекпе-жегі кезінде айтылған. "Біз сол кезде Серхио Мартинестің промоутері Лу Ди Белламен таныстық. Ол: "Сен біздің командада жұдырықтасатын болсаң, мен қуанар едім деген еді", - деп еске алады Серік Сәпиев. Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.

Қазақстандық боксер Серік Сәпиев 2005 және 2007 жылдарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, 2012 жылы Олимпиада чемпионы болды, сонымен бірге Баркер кубогының иегері атанды. 

Айта кетейік, Серхио Мартинес Геннадий Головкиннің ең басты қарсыластарының бірі саналады. Алайда бұл жекпе-жек өткізілмеуі ықтимал, өйткені Мартинес жақын уақытта карьерасын аяқтауы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети