24 сәуір 2014 19:10

Тағы бір қазақстандық бокстан әлем чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов ел қоржынына екінші алтын медальды салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бокстан София қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов ел қоржынына екінші алтын медальды салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов финалда румыниялық қарсыласынан басым түсті. Сөйтіп ол Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды. Турнир барысында бокс мамандары алтыннан үмітті фаворит ретінде Абылайхан Жүсіпов есімін атаған болатын. Сондай-ақ, ол биыл жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, турнирдік үздік боксшысы атанған еді. Абылайхан кадеттер арасында 2013 жылы Азия және әлем чемпионатында алтыннан алқа тағып, Азияның үздігі болып танылған-тын.

Бұған дейін финалда өнер көрсеткен Шалқар Айқынбай (49 келі) өзбекстандық қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанса, Сұлтан Зауырбек (56 келі) Куба боксшысына есе жіберіп, күміс медальді қанағат тұтты. Енді 81 келіде Вадим Казаков алтын үшін шаршы алаңға шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети