12 мамыр 2015 11:13

Қазақстанда пәтер арзандап келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sibkray.ru © sibkray.ru

Қазақстандық қайталама нарықта пәтерлер арзандады, - деп хабарлайды "Крыша". 


Қазақстандық қайталама нарықта пәтерлер арзандады, - деп хабарлайды "Крыша". 

Порталдың мәліметінше, Қазақстанда абаттандырылған тұрғын үйлердегі пәтерлердің бағасы орта есеппен 0,5 пайызға, ал абаттандырылмаған тұрғын үйлердің пәтерлері 0,4 пайызға арзандаған.

"Қазір абаттандырылған тұрғын үйлердегі пәтерлерді қайта сатуда әр шаршы метр орташа есеппен 173 345 теңгеге бағаланып отыр, ал абаттандырылмағандар - 100 659 теңге", - делінген жарияланымда. Айта кетейік, наурыз айындағы бұл көрсеткіш 174 184 және 101 086 теңгеге тең болған еді. 

Сонымен қатар, жаңа салынған үйлердегі пәтерлердің де бағасы түсті. Бір айдың ішінде орташа баға 0,2 пайызға, яғни әр шаршы метр 225 084 теңгеге дейін төмендеді.

Есесіне, Қазақстанда баспананы жалға алудың орташа бағасы тағы көтерілді. Порталдың мәліметінше, жалға берілетін пәтерлердің орташа бағасы сәуір айында 0,5 пайызға көтерілген. ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтеріне жүгінсек, жалға берілетін пәтерлердің әрбір шаршы метрінің бағасы 1 259 теңгеге жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети