28 сәуір 2024 13:49

Jah Khalib зорлық-зомбылық туралы сөзі үшін Кишеневтегі кештен шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram/jahkhalib Фото: instagram/jahkhalib

Қазақстандық рэпер Jah Khalib тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан сөзі үшін Кишеневте өтетін кешке қатыспайтын болды. Бұл туралы 27 сәуірде Summer Fest ұйымдастырушылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық рэпер Jah Khalib тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан сөзі үшін Кишеневте өтетін кешке қатыспайтын болды. Бұл туралы 27 сәуірде Summer Fest ұйымдастырушылары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін бір топ белсенділер әншіге қатысты осындай үндеу жасаған болатын. Алайда ұйымдастырушылар бұл шешім импульсивті түрде қабылданбады деп сендірген еді.

"Кейінгі оқиғалар мен жаңалықтарға байланысты Jah Khalib Summer Fest фестивалінде өнер көрсетпейтін болды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты біз бұл шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру үлкен күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді. Ешқандай шешім импульсивті түрде өзгермейді", - делінген ұйымдастырушылар хабарламасында.

Бұған дейін қазақша тәржімаласақ "Зорлық-зомбылықсыз өмір" ұлттық коалициясы мен актер Лунгу Кэтэлин қазақстандық рэперді Кишеневтегі кешке қатыстырмауды сұраған. Jah Khalib-ке зорлық-зомбылықты ақтады деп айып тағылды. Екі жыл бұрын RUH FOOD YouTube арнасында жарияланған ORTA подкастында рэпер зорлаудың себептерінің бірі "дұрыс емес киім кию" деген мәлімдемені қуаттаған болатын.

Айта кетейік, рэпердің концерттерін тоқтату туралы үндеулер Қазақстанда да ауық-ауық айтылып тұрады. Сонымен қатар сын садағына подкасттың басқа қонақтары да ілікті. Оның қатарында блогер Жека Фатбеллы мен "Ирина Қайратовна" тобының бұрынғы режиссеры Қуаныш Бейсекте бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети