28 желтоқсан 2015 00:52

"Борат" сириялық балаларға миллион доллар қаражат аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағылшын комигі әрі актері Саша Барон Коэн мен оның жұбайы актриса Айла Фишер Сириядағы балаларға қайырымдылық ретінде 670 мың фунт стерлинг (1 миллион доллар) қаражат аударды, - деп хабарлайды Independent.

Танымал жұп осы соманың жартысын сириялық балалар үшін қызылшаға қарсы екпеге бөлді (басылымның мәліметінше, бұл сома 250 мың балаға екпе салдыруға жетеді). Екінші жартысын 44 жастағы актер мен оның әйелі Ұлыбриятанияның бұрынғы сыртқы істер министрі Дэвид Милибандтың сириялық босқындарға көмектесуге арнайы құрған гуманитарлық ұйымына аударды.   

Саша Барон Коэн әйелі Айла Фишермен. © Getty Images

Актер Саша Барон Коэн "Борат", "Али Джи" және тағы да басқа фильмдерімен таныс. Ол осы фильмдерде басты рольде ойнаған. "Борат" фильмінде ойдан шығарылған қазақстандық журналист Борат Сагдиевтің өмірі баяндалады. Қазақстанда бұл фильм дереу сынның астына алынып, прокатына тыйым салынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети