30 қараша 2018 18:50

Дәурен Серғазин балалық шағы, өнер жолы және сынаушылар жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Театр және кино актері Дәурен Серғазин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Театр және кино актері Дәурен Серғазин Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық актер сұхбатында балалық шағы, шығармашылық жолы және отбасы жайлы әңгімеледі. Бұдан бөлек, Серғазин оған айтылатын сын мен пікірлерге қатысты ойын айтты.

"Бүгінде көп актерлерге театр қанағат. Сондықтан фильмдерді ысырып қоямын. Ал театр болмағанда мен көрінген сериалдарға түсер едім", - дейді актер.

Ал балалық шағы және отбасы жайлы сұраққа жауап бере отырып, актер әкесінің берген тәрбиесіне тоқталып, оған деген алғысын айтты.

Дәурен Серғазин 1984 жылы Теміртауда дүниеге келген. Ол "Жаужүрек мың бала" және "Брат или Брак" фильмдеріне түскен. Айта кетейік, "Брат или Брак" фильмінің екінші бөлімі 2019 жылдың 7 ақпанында шығады.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети