06 сәуір 2018 11:02

"Талан" фильмінің әлемдік премьерасы Иранда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Талан" көркем фильмі Иранның Тегеран қаласында сәуірдің 19-ы мен 27-і аралығында өтетін 36-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінің "Шығыс панорамасы" бағдарламасына қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша түсірілген "Талан" көркем фильмі Иранның Тегеран қаласында сәуірдің 19-ы мен 27-і аралығында өтетін 36-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінің "Шығыс панорамасы" бағдарламасына қатысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі режиссер Болат Қалымбетов түсірген аталмыш фильмде жиырмасыншы ғасырдың 30-шы - 40-шы жылдардағы ел тарихында орын алған оқиғалар қарапайым адамдардың өмірі арқылы баяндалады. Фильмнің сценариі жазушы  Жүсіпбек Қорғасбектің "Қасқыр-адам" повесінің желісі бойынша жазылған. 

"Сәуір айының ортасында Тегеранға жол тартамын, иран көрермендеріне "Талан" фильмін таныстырамын. "Фаджр" сынды белді кинофестильде картинаның әлемдік премьерасы өтетініне өте қуаныштымын", - деді режиссер Болат Қалымбетов. Фильмде тағдырдың жазуымен бар өмірін елден жасырын өткізген адамның ортамен байланысы ақыры трагедиямен аяқталады. Осындай талайлы тағдырлар арқылы азаттық аңсаған ата-бабаларымыздың арманы - тәуелсіздіктің қадір-қасиеті көрінеді. Талан - тағдырдың синонимі. Басты рөлдерде Асан Киркабаков, Ерік Жолжақсынов, Шынар Жанысбекова, Ержан Нұрымбет, Ұлан Нүсіпәлі, Оңдасын Бесікбасов, Жасұлан Әйтенов, Қаршыға Әлікенов, Аян Өміржан.

Биыл фестивальдің "Шығыс панорамасы" байқауына 12 елдің - Қытай, Вьетнам, Әзірбайжан, Ирак, Грузия, Үндістан, Палестина, Жапония, Моңғолия, Кувейт және Сирияның фильмдері қатысады.

"Фаджр" кинофестивалінде "Қазақфильм" киностудиясының қатысуымен түсірілген тағы да бір кинотуынды - "Әкеге қоңырау шалу" фильмі көрсетіледі. Аталмыш картина фестивальдің негізгі халықаралық конкурсында бақ сынайды. Айта кетейік, режиссер Серік Апрымов "Фаджр" фестиваліне осыдан 27 жыл бұрын қатысқан. 1991 жылы режиссер түсірген "Соңғы аялдама" атты дебюттық картина "Фаджр" фестивалінің негізгі байқауына қатысып, "Үздік фильм" жүлдесін алған болатын.

Еске салайық, "Әкеге қоңырау шалу" фильмі Қазақстан киносыншылар қауымдастығы ұйымдастырған "Сыншылар таңдауы" киножүлдесінде екі бірдей жүлдеге - "Үздік режиссер" және "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" (актер Ерболат Оспанқұловқа табысталды) қол жеткізді. Одан бөлек, аталған туынды Ресейдің "Ника" атты киножүлдесіне үміткер болған. Сонымен қатар аталған фильм 2018 жылы сәуірдің 19 мен 26 аралығында Мәскеуде өтетін  40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде "Шеберлер" бағдарламасында көрсетілетін болады. "Әкеге қоңырау шалу" фильмі жас жігіттің бала кезінен бастап есейген шағына дейінгі 25 жыл өмірін қамтиды. Картинада баланың әке-шешесімен арасындағы қиын қатынастары, жеткіншектің сезімдері мен басына түскен қиындықтары суреттеледі. Қоюшы режиссері, сценарий авторы, операторы: Серік Апрымов. Рөлдерде: Ерболат Оспанкұлов, Айзада Сатыбалдиева, Жігер Мырзабек, Темірлан Кисикбаев және басқалары.

Фаджр халықаралық фестивалі 1982 жылы Иранның мәдениет министрлігі және ислам бағыты ұйымымен негізі қаланған. Фестиваль Қиыр Шығыстағы ең ауқымды әрі танымал кинофестиваль есептеледі. Бұл фестиваль аясында әлем кинематографистері мәдени байланыс орната алатын бірден бір алаң.

Өткен жылы "Фаджр" кинофестивалінің "Үздік азиялық фильмі" номинациясында бас жүлдені "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған режиссер Сәбит Құрманбековтың "Оралман" фильмі алған болатын.

"Фаджр" кинофестивалінің биылғы жеңімпаздарын фестивальдің жабылу салтанатында – 2018 жылы 27 сәуірде жарияланатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети