01 маусым 2022 08:39

Ақмола облысының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Ақмола облысының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 28 мамырда Бұланды аудандық полиция бөліміне бетінде гематомасы бар әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Марқұмның жеке басы анықталды, ол 44 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жедел-тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол қайтыс болған әйелмен азаматтық некеде тұратын 39 жастағы ер адам болып шықты", - деді жергілікті полиция.

Бұл дерек бойынша Бұланды АПБ ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша соталды тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети