01 қараша 2016 21:44

Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматы облысында мал сатуға шыққан ағайындылардың өліміне қатысы бар тағы бір күдікті ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматы облысында ағайындылардың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды. Үңгіртас ауылының тұрғыны Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көрген. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан азаматтардың біріне араша түспек те болыпты. Бірақ қорықтым деген желеумен кейін полицияға хабарламаған. Тәртіп сақшылары да оны сыбайлас ретінде ұстағанымен, кейін қолхатпен босатып жіберген.

Телеарнаның мәліметінше, үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті осы Үңгіртас ауылының тұрғыны болып шықты. Елді мекен қалған екі күдіктінің ауылдарына жақын орналасқан. Және ұрлықы мал біраз күндері осында ұсталып жүріпті. Және оның барлығын көрші-қолаң көрген. Олар ауылдастарының бұл қылмысқа қатысы барына еш таңқалмай отыр. Өйткені, Бақыт Байқасымов бұрын да істі болған екен. 

Бақыт Байқасымовты о баста қамалған екі күдікті байқаусызда ұстап берген екен. Басында "тек екеу болдық" дегендер қастарында тағы танысының жүргенін айтып қалған. Үшінші күдікті қанды қылмыс болған кезде тауда мал бағып жүріпті.   

Бақыт Байқасымовтың туысы Гүлжан Жұрманованың айтуынша, ол біреудің шабаны болып жұмыс істейтін. "Ол табылған жұмыс істеді ғой былайша айтқанда. Оның үйі де жоқ, күйі де жоқ. жалғыз өзі әйтеуір күнкөріс.Көрген де жоқпыз қайда тұрады, не тұрады білмейміз ол жағын", - дейді әйел.

Айта кетейік, үш ағайындының өліміне қатысы бар делінген үшінші күдікті ауылда үнемі шаруасыз, әрі арақ ішіп жүрген екен.

Ал Үңгіртас ауылының тұрғыны Орынкүл Батырханова да оның ауылда үнемі арақ ішіп жүргенін айтып отыр.

Телеарна мәліметінше, Бақыт Байқасымов марқұмдардың қалай өлтірілгенін көзбен көрген. Ол байқаусызда қылмыстың үстінен түсіпті. Жігіт, тіпті, әлі тірі жатқан Қаділбекке араша түспек те болған екен. Бірақ өзін де қоса атып жібере ме деп қорқып, қылмыс туралы жақ ашпаған. Полиция оны сыбайлас ретінде күдікке алғанымен, кейін қолхатпен жібере салған. Десе де, марқұмдардың туыстары оның да жазаға тартылуын сұрап отыр. 

"Бақыт қылмыстың үстінен түскен. Мүмкіндігі бола тұра мәлімдеген жоқ. Сондықтан ол да сол қылмысқа қатысқан деп есептейміз. Бұл қылмыстың ішінде үш адаммен ақырласуы мүмкін емес. Оны ұйымдастырған басқа да адамдар болуы мүмкін", - дейді марқұмдардың туысы Еркін Бейсеке.

Күдіктілердің мәйіттерді осы ауыл арқылы алып өткендігі де күдік тудырады. Қазір тергеу аяқталған. Оларға қатысты сот осы қараша айында басталады деп күтілуде.  

Еске салайық, қыркүйек айында Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын. 

Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, ұсталғандар екі айға қамауға алынды - 24 қарашаға дейін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети