02 маусым 2022 13:31

БҚО-да белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кеткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

БҚО-дағы ауылдардың бірінде белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


БҚО-дағы ауылдардың бірінде белгісіз біреулер қарт ерлі-зайыптыны байлап, үйін тонап кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Оқиға 1 маусымға қараған түні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округінде болған. Ақбұлақ ауылындағы жергілікті тұрғындардың айтуынша, зейнеткерлерді түнде байлап, тонап кеткен.

Портал мәліметіне сүйенсек, бетперде таққан үш адам тонауға түскен. Сондай-ақ, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі Зәмзәгүл Қалимова қарт ерлі-зайыпты балаларынан бөлек тұратынын айтқан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қылмыс әлі ашылмаған.

"Ауылға криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жіберілді. Дерек ҚР ҚК-нің 191-бабы "Тонау" бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети