12 сәуір 2017 18:37

Бұрынғы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері жаңа бір іс бойынша сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Атырау облысында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері жаңа бір іс бойынша сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырауда № 2 сотында бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовке қатысты қылмыстық іс қаралды. Өткен жылдың мамыр айында оны Өзбекстан азаматын өлтіргені үшін 22 жылға соттаған болатын. Өтеуовқа қозғалыс жаңа іс бойынша қылмыстық-орындаушы мекеменің әкімшілігіне бағынбау және сол мекеменің қызметкеріне күш қолдану айыбы тағылған", - делінген таратылған хабарламада. 

Сот отырысында Өтеуов өз кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісімге келуге келісімін берді. 

"Судья Өтеуовты ҚР Қылмыстық кодексінің 428-бабының 1-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және ҚР Қылмыстық кодексінің 429-бабы бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Өтеуовтың 22 жылға сотталғанын ескере келе, бас аяғы ол түзету мекемесінде сол 22 жыл отырады. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ашық хаты жарияланып, кеңінен таралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері, 23 жастағы Манарбек Өтеуов 2015 жылдың тамызында басшыларының бұйрығымен адам өлтіргенін мойындап, хат жазған. Ол хатында адамдардың нақты аты-жөндерін атап, қалалық полиция қызметкерлерінің бірнеше кәсіпкерлерге "жәрдемдесетінін" айтады.

"Басшыларымның бұйрығымен мен Атырау қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс жасадым. Ақша төлемегендерді түрмеге отырғыздық, оларды шығару үшін 500 мың теңгеден 7 миллион теңгеге дейін ақша талап еттік. Алматы қалалық ІІБ осылайша ауқымды бизнес-орталыққа айналды", - деп жазған Өтеуов хатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети