19 шілде 2021 11:52

ІІМ вакцинация паспортын сатудағы алаяқтық схемаларды әшкереледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

ІІМ жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтама сатып алғысы келген қазақстандықтарды алаяқтар қалай алдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ жалған вакцинация паспорты мен ПТР-анықтама сатып алғысы келген қазақстандықтарды алаяқтар қалай алдайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ мәліметі бойынша, полицейлер жарнама сайттары мен әлеуметтік желілерден жалған вакцинация паспортын, сондай-ақ ПТР-сынамасы оң немесе теріс нәтиже көрсеткен анықтама ұсынатын 46 жарнаманы анықтаған.

"Бұл ресурстарда Ресей, Украина, Үндістан және АҚШ аумағында медициналық анықтама мен вакцинация сертификаттарын сату туралы хабарландырулар жарияланған. Сонымен қатар, ІІМ киберқылмыспен күрес орталығының мамандары хабарландыруда негізінен алдын ала төлем алуға бағытталған алаяқтық схема барын анықтаған. Алаяқтар вакцинацияның бірінші кезеңінен өткені туралы растауды мемлекеттік органдардың ресми ресурсына жатпайтын пошта жәшіктерінен жібереді, кейін екінші кезең үшін алдын ала төлем талап етеді. Ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатады", - деді брифингте ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, алаяқтар шетелдік банк карталарын, үнемі өзгеріп тұратын виртуал телефон нөмірлерін пайдаланады.

"Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгінбейді, өйткені олар жалған құжаттарды сатып алу арқылы заңды бұзады. Қылмыстық процеске қатыспаңыз және туыстарыңыз бен жақындарыңызды одан қорғаңыз", - деді Тұрлыбек.

Анықталған шетелдік ресурстар қазақстандық пайдаланушылардың қолжетімділігін бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберілген.

Бұған дейін Қазақстанда 2020-2021 жылдары вакцинация және ПТР-сынама анықтамасын қолдан жасау бойынша 65 қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети