23 ақпан 2021 16:36

Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін ағызып жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін ағызып жіберген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Шымкент полиция департаменті өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте белгісіз біреулер иттің көзін ағызып жіберген. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Шымкент полиция департаменті өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көзі ағып кеткен иттің кадрлары Instagram-дағы "Добряки Шымкента" парақшасында пайда болды. 

"Үйдің иті, жас. Күтімі бар. Жағдайы ауыр, жақын арада оны мал дәрігері қалыпқа келтіреді. Бір көзі ағып кеткен. Бірақ екіншісін сақтап қалуға болады. Мұны уақыт көрсетеді. Қазір оның жағдайы ауыр", - дейді еріктілер.

Назар аударыңыз!
Бұл видеоны психикасы әлсіз, жүкті және 18 жасқа толмаған адамдарға көруге болмайды!

Шымкент полицейлерінің мәліметінше, ит қаладағы ветеринарлық клиникалардың бірінде. Қазір тәртіп сақшылары иттің иесі мен оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр. 

"Аталған факт бойынша Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл Шымкенттегі осыған ұқсас алғашқы жағдай емес. Бұған дейін мұнда біреулер күшіктің көзін күйдірген. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жазды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети