01 қазан 2021 12:31

СҚО-да қорықшы марал атып өлтірген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық полиция қызметкерлері браконьерлікпен айналысқан екі қорықшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық полиция қызметкерлері браконьерлікпен айналысқан екі қорықшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Красный Бор" қорығы аумағында Солтүстік Қазақстан облысының экологиялық полиция қызметкерлері тіркемесі бар "Нива" автокөлігін тоқтатқан. Полицейлер көлікті тексеру кезінде марал еті салынған полиэтилен қапшықтарды тапқан.

Полиция қызметкерлері заңсыз аңшылыққа қатысы бар деген күдікпен автокөлік жүргізушісі мен жолаушыны ұстаған. Кейін олардың өздері қорықшы екені анықталған. Ұсталғандар екі маралды атқан және сойған жерді көрсетті, сонымен қатар жергілікті тұрғыннан жануарлардың етін алуға көмектесуін сұрағанын айтты.

"Тексеру кезінде екі азаматтың да осы шаруа қожалығының жұмысшылары, яғни қорықшылар екені анықталды. Қазіргі уақытта екі адам да полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды", - деді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Еслямбеков.

Солтүстік Қазақстанда аң аулау маусымы қазір ашық болғанымен, атылатын жануарлардың саны қатаң реттелетіні айтылады. Әрбір аңшы қанша жануар атуға болатынын көрсететін рұқсат қағазын алуы керек. Ұсталған қорықшыларда бұл құжаттар болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети