30 сәуір 2024 11:45

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі

Данияр Қырықбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Данияр Қырықбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, Данияр Қырықбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Данияр Қырықбаев 1986 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Жергілікті басқару магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы банк саласында бастаған. 2007-2009 жылдары "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да жұмыс істеді, содан кейін – "Kazsatnet" АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. Әр жылдары ҚР Бас прокуратурасында, ҚР Парламенті Сенатының аппаратында жұмыс істеген.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы болып жұмыс істеді. Екі жыл бойы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры болған.

2021 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы болған.

Қазіргі тағайындауға дейін Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети