10 ақпан 2016 13:30

Найзағай ғарыштан қалай көрінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрдан Кадрдан

Жердегі найзағайдың Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.


Жердегі найзағайдың Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Видеоны Twitter әлеуметтік желідегі парақшасында ұлыбританиялық ғарышкер Тим Пик жариялады. Кадрдан найзағайдың станциядан түсірілген бейнесін көруге болады. Ғарышкердің айтуынша, таймлапс Солтүстік Африкадан Түркия арқылы Ресей бағытымен ұшып бара жатқан кезде түсірілген.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов та Twitter-дегі парақшасында Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген екі видеоны жариялаған болатын. Алғашқы видеодан Батыс Азиядағы құмды дауылды көруге болады. Табиғи құбылыс екі ракурстан түсірілген. Видеодағы 9 қыркүйекте Ливан мен Сириядағы болған дауыл болуы мүмкін. Айта кетейік, дауыл екі адамның өмірін қиған болатын. Сонымен қатар, Айымбетов ХҒС-ның Жермен салыстырғанда үлкен жылдамдықпен ұшып бара жатқаны бейнеленген қысқа роликті де жүктеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети