26 мамыр 2015 15:08

Қазақстанда обырдан емделген әйелдер дүниеге бала әкелетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fotokto.ru © fotokto.ru

Қазақстанда обырдан емделген әйелдер дүниеге бала әкелетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда обырдан емделген әйелдер дүниеге бала әкелетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, репродуктивтік медицина институтында обырға шалдыққан 3 әйелге репродуктивтік денсаулығын қалпына келтіру оталары сәтті жасалды. Емдеу шаралары біткеннен кейін олар балалы бола алады.

"Онкологиялық науқастардың аналық безі тіндерін криоконсервациялау оталарының өзектілігі сонда, соңғы жылдары репродуктивтік функцияларын табысты іске асыра алмаған жас әйелдерде қатерлі ісік ауруларын анықтау жағдайлары артты. Обырды емдеуде қолданылатын химиотерапия, сәулелік терапия сияқты әдістер гонадотоксикалық әсер етеді. Әйелдер бала көтере алмай, бедеулік пайда болады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Инновациялық әдістерді енгізу үшін институтқа Жапонияның университеттік клиникасынан мамандар шақырылды. Аналық безі тінінен лапароскопиялық алу және криоконсервациялау шараларын жапондық профессорлар қазақстандық мамандармен бірге атқарды. Операция химиотерапия алуы тиіс осы үш әйелге жасалды.

Айта кетейік, Бельгияда Ходжкин лимфомасынан толық емделіп шыққан әйелге 6 жылдан соң ерітілген криоконсервацияланған аналық безі тіндерін қайта салғаннан кейін алғашқы бала 2004 жылы дүниеге келді. Бұл әдісті қолданудың арқасында бүгінге дейін 40 бала туылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети