25 ақпан 2019 09:50

Қытай ғалымдары қатерлі ісіктің даму қаупін төмендететін өнімдерді атады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© China Daily Asia © China Daily Asia

Қытай ғалымдары сарымсақ, пияз және порей пиязын қолдану колоректалды обырдың даму қаупін төмендететінін мәлімдеді. Тиісті зерттеу жұмысы Азия-Тынық мұхиты клиникалық онкология журналында жарияланды, - деп хабарлайды РИА Новости тілшісі. 

Сарапшылар колоректалды обырмен ауыратын 833 науқастың және жасы, жынысы, тұрғылықты жері бойынша 833 дені сау адамның деректерін салыстырды. Зерттеу қатысушыларынан тамақтану рационы мен оның жиілігі уақтылы сұралып отырды. 

Колоректалды обырдың даму ықтималдығы пиязды көп тұтынған ересектерде 79 пайызға төмен болғаны анықталды.

Ғалымдар сарымсақ, пияз және порей-пиязында тоқ ішектегі қатерлі ісіктің даму қаупін төмендетуге көмектесетін қосылыстар бар деген қорытындыға келді.

Зерттеушілердің бірі Чжи Ли жұмыс әрі қарай зерделеуге лайық екенін айтты. Колоректалды обыр дегеніміз - тоқ ішектің қатерлі ісігі және оның қосалқысы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, ол қатерлі ісіктің ең көп таралған түрлерінің бірі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети