16 қаңтар 2020 15:49

Ақтөбе облысында тасжолда жол апатынан төрт адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

16 қаңтарда түнгі 01:30-да Самара-Шымкент тасжолында Ырғыз ауылына жақын маңда жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


16 қаңтарда түнгі 01:30-да Самара-Шымкент тасжолында Ырғыз ауылына жақын маңда жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada маркалы көліктің жүргізушісі (Қырғызстан азаматы) Арал қаласынан Ырғыз ауылы бағытында кетіп бара жатан. Самара-Шымкент тасжолының 1170-шақырымында мұзтайғаққа байланысты жолдың қарама-қарсы бетіне өтіп кетіп, Chevrolet Cruze көлігіне соқтығысқан. Соңғы көліктің тізгінінде Түркістан облысының азаматы болған. 

"Жол апаты салдарынан Lada жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, тағы бір жолаушы Ырғыз ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети