18 сәуір 2024 09:11

Ақтөбеде аялдамаға жарнама тақтасы құлады. Бірнеше адам жарақат алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

diapazon.kz/видео кадры diapazon.kz/видео кадры

Ақтөбеде 17 сәуірде кешкісін адамдар жүретін аялдамаға билборд құлады. Оқиғадан кейін үш әйел ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Ақтөбеде 17 сәуірде кешкісін адамдар жүретін аялдамаға билборд құлады. Оқиғадан кейін үш әйел ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Ә.Молдағұлова даңғылында, "Золотой квартал" тұрғын үй кешені ауданында болған. Аялдама төбесіне жарнамалық тақта орнату кезінде құрылыстың бір бөлігі опырылып кеткен. Аялдама төбесі әйнектен жасалған. Автобус күтіп тұрған үш әйел құлаған шатыр астында қалған.

"Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деді Ақтөбе облысының Полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети